Сәлем, достар! Бүгінгі рубрикада өте қызықты тұлғамен танысамыз. Кейбіріміз танысып та үлгерсек, ал енді бірі, біздің подкастты тамашалап таныған болар. Көптеген адамның ментальді денсаулығын сақтап, көмектесіп жүрген адам – Жарасбаева Нұргүл Қазбекқызы – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ психологиялық қызметінің жетекшісі.
Психологтың көмегі үшін нағыз кәсіби маманға жүгініп көрдіңіз бе? Көпшілік психологқа баруды – уақытты босқа жұмсау деп есептейді. Расында солай ма?
Өмірлік тәжірибемізге байланысты және қарым-қатынаста саралауға мүмкіндік беретін кейбір психологиялық дағдыларға ие боламыз. Бірақ терең және күрделі жағдайлар бар, оларды тек маман анықтай алады. Біз әрқашан өзімізге қажет салада нақты дәлелденген білімі бар маманға жүгінеміз (тіс емдеу, көлік жөндеу). Ал бұл маман әлеммен және өз-өзіңмен қарым – қатынас мәселелерін кәсіби ретке келтіретін адам. Бұл - психолог.
Өткен жылы нағыз өз ісінің маманы келіп, біздің университет мақтан тұтарлық қызметке ие болды. Нұргүл Қазбекқызы - психология магистрі; Әлеуметтік сала мен білім берудің практикалық психологы, психотерапевт; "Психологиялық кеңес берудің базалық дағдылары","Басқарушылық және көшбасшылық құзыреттер","Отбасылық психология және психотерапия" біліктілігін меңгерген.
Нұргүл Қазбекқызының еңбек өтілі 27 жыл, 25 жылдық еңбегі ҚР ҰҚК ШҚ қатарында өтті, 2 жылын психотерапияға сарп етті.
Көмек керек болған жағдайда Нұргүл Қазбекқызына жүгініп, жеке кеңес ала аласыздар.
ШҚТУ-да психологиялық жай күйіңізді қалыпқа келтіретін бөлме де жұмыс істейді.
Бұл үшін +7 776 474 96 97 нөмірі арқылы алдын-ала жазылуыңызға болады.