Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Денсаулық және спорт орталығының жаттықтырушылары студенттер арасында спорттық минут ұйымдастырды.
Студенттер үшін бой сергітерлік жаттықтырулар ұйымдастырудың мәнісі – күн ортасындағы қозғалыс әрекетін жеңілдету. Көпшілік аудиторияда қозғалыссыз күй кешетін болғасын, бойымызға қан жүгірту керек ақ.
Мұндағы мақсат:
- Студенттердің әрекетін өзге іс-әрекетке бұрып, психологиялық қысымды сейілту;
- Дене шынықтырудың адам көңіл күйіне әсері туралы қарапайым мысал келтіріп, дене жаттығуларын қалай бастау керек екеніне нұсқаулық ету;
Шараны өткізу жағдайы: Студенттер шаршаған жағдайда 15-20 минутқа дене шынықтыру ұйымдастыру. Дайындық кешені 15-20 жаттығудан тұрады.
Орталық жаттықтырушыларының шақыруына 250-ден астам студент келді.
Жаппай жаттығулардан соң студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, алған әсерлері туралы айтып берді. Көпшілігі қосымша қуат алып, оқу мен жұмысқа деген ұмтылыстары оянғанын мәлімдеді.
Денсаулық және спорт орталығы барлығына көтеріңкі көңіл күй тілейді!