Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің, жасампаздықтың 23 жылы» атты жастар форумы өтті. Университет ректоры Нұрлан Темірбеков шараны аша отырып, Президент сайлауы кезеңінде қазақстандықтардың жас буынына зор жауапкершілік жүктелетінін атап айтты. Мемлекетіміздің болашақтағы жағымды өзгерістері жастарға байланысты болмақ. Сондықтан Қазақстанның әрбір патриоты алдағы сайлауға белсене қатысып, жарқын болашақ үшін дауыс беруі тиіс.
Форумға қатысушылар алдында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ольга Булавкина, «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова, облыс әкімінің кеңесшісі, ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Василий Ахаев, социологиялық ғылымдар кандидаты, ШҚМТУ-дың «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті Элеонора Столярова, университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Самат Байгереев сөз сөйледі.