Білім мәйегін ашатын тек зертханалар, кітапхана ғана емес, шығармашылық еркіндік, студенттік шақтың қызығы мен шыжығы да маңызды элемент.
Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бірінші курс студенттері профессорлық оқытушы құрам, ғалымдар мен жоғары оқу орны ұжымының алдында бар өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық ұжым атауынан бастап, тақырыптық көріністер, көңіл көтерер ойындар, тапқыр әзілдерге орын берілді. «FTB – Family is the best», "Formation" ШҰ, «ГОРМЕТ» командалары тек білімнің, бәсекелестіктің ғана емес, ұжымдық бірліктің, татулықтың туын көтерді.
Айта кету керек, биыл «Бірінші курс таланттары» жоғары оқу орнында 49-ші рет ұйымдастырылып отыр. Келер жылы 50-ші рет талантты бірінші курс студенттерінің өнерін университеттің 65 жылдық мерейтойымен үйлесімде тамашалайтынымыз анық. Бүгінгі үш күнге созылған сайыс, шығармашылық серпіліс мәресіне де жетті.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы «Талантты бірінші курс» дәстүрі тек студенттердің ұшқыр ойын аңдатып қоймай, оқытушылар құрамының да өз тәлімгерлерін бағалауына, білімдеріне ерекше ықылас бөлуіне түрткі болар деген сенімдемін.
Кеш барысында жастарды алғашқы қадамдарымен құттықтай отырып, алдағы оқу жылдарында жетістіктеріне жетулерін тілеп, келесі жылдың бірінші курс студенттеріне баскөз болуды, ақыл-кеңестерімен бөлісуді» мұра етті.
Байқау қорытындысы бойынша «FTB – Family is the best» жеңімпаз деп танылды. Гала концерт соңында үздік командалар, жекелеген студенттер түрлі номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.