Мемлекеттік білім грантына ілікпеген талапкерлер мемлекеттің кепілдігімен білім беру кредитін ресімдеу арқылы өз оқуларын төлей алады. Білім беру кредитін қазақстандық колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу үшін алуға болады.

Негізгі талаптары:

  • білім беру кредиті кепілзатсыз «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен беріледі;
  • кепілдік мөлшері - негізгі қарыз сомасының 50% - нен 100% - ке дейін және студенттердің үлгеріміне байланысты;
  • білім беру деңгейлері - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • пайыздық мөлшерлеме - жылдық 20%;
  • жеңілдікті кезең - негізгі қарызды төлеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Негізгі борыш сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқу бітіргеннен кейін 6 айдан соң жүргізіледі.
  • кредит сомасы - оқу құнына тең;
  • кредитті рәсімдеу - студенттің атына кредит желісі ашылады, кредит желісі шеңберінде кредит транштармен беріледі, бір транш семестр немесе академиялық жыл үшін оқу құнына тең.

Екінші деңгейдегі банк - «Нұрбанк»АҚ-мен келісім жасалды, оларға Қоғамның кепілдігімен кредиттер беріледі.

Статистикалық деректер:

  • берілген кепілдіктер саны - 7 287 кепілдік;
  • кепідендіру сомасы - 1,9 млрд. теңге;
  • кредит сомасы - 2,0 млрд. теңге;

Білім беру кредиті туралы толық ақпаратты мына байланыс деректері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-дан алуға болады:

  • Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік ел д-ы, 18.
  • Call-центр - 8 (800) 080-28-28 (қоңырау шалу ТЕГІН), 8 (7172) 695-127
  • Веб-сайт: www.fincenter.kz

 

«Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен берілетін БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ