2024 жылғы 25-31 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяда 1878 жылдан бері өткізіліп келе жатқан геологтардың әлемдік жоғарғы жиналысы – 37-ші Халықаралық Геологиялық Конгресс өтті. Пусан қаласында өткен форумда шамамен 7 000 геолог пен сарапшы 3 000-нан астам ғылыми баяндамалар ұсынды. Біздің ғалымдар Комитетінің ғылымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізетін ғылыми жобалар нәтижелері бойынша үш баяндама жасады. Зерттеулерге PhD докторы, Жер туралы ғылымдар мектебінің ассистент-профессоры Зимановская Н.А., PhD докторы, Жер туралы ғылымдар мектебінің ассистент-профессоры Кузьмина О.Н., және PhD докторы, жетекші ғылыми қызметкер Ойцева Т.А. жетекшілік етті.