p12Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға ФРГ-нің Қазақстандағы елшілігінің мәдениет және баспасөз мәселелері жөніндегі атташесі Элизабет Рихтер ханым келіп қайтты. Мейман сапарының мақсаты ШҚМТУ мен Германия университеттері арасында әріптестік қатынастар орнатуға ықпал ету екенін айтты. Рихтер ханым Іргетас инженерлік лабораториясына экскурсия жасады. Артынан университеттің факультеттері декандарымен кездесіп,ШҚМТУ-дың неміс университеттерімен ынтымағын кеңейту жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.