Бүгін Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне орай Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ оқытушылары, қызметкерлері, стуенттері және әскери кафедра өкілдері Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.

Іс-шара қатысушылары алдында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры міндетін атқарушысы Сауле Рахметуллина құттықтау сөзін жеткізді.

-Мемлектеттік рәміздер біздің мемлектіміздің, бостандығымыздың негіздерінің бірі,- деп айтып өтті Сауле Рахметуллина. - Сондықтан мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым ұлттық мақтанышымыз болып қала береді. Студенттік қалашықтағы
университетіміздің бас оқу ғимаратының алдыңғы есігіне 300ге жуық адам жиналды. Мерекелік шара концертпен және флэш-мобпен аяқталды.

-Еліміздің әрбір азаматының жүрегінде мемлекеттік рәміздеріміз үшін мақтаныш сезімі ұялауы керек,-дейді 4 курс студенті Алина. - Ұлттық игілігіміз мен тәуелсіздігімзді құрметтеу, сыйлау - біздің міндетіміз.