«Шығыстүстімет» ЖШС компаниясының Басқарма Төрағасы Даутов Ильсур Усманович бастаған өкілдерімен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да болды.
Екі жақты кездесу жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысудан басталды.
3811 адамды жұмыспен қамтып тұрған «Шығыстүстімет» ЖШС иелігінде 3 кен орны, 2 байыту фабрикалары жұмыс істейді және бұл тек Шығыс Қазақстан облысында ғана. Өрісі кең кәсіпорынға біліктілігі күнделікті жоғары деңгейді талап ететін маман қажет. Бұл сұранысты ШҚТУ толық қанағаттандыруға қауқарлы.
Компания өкілдері құзірет орталықтарын, «Үлкен Алтай» мұражайларын аралап, тамашалады. Соңғы жаһандық қозғалысқа айналған және бұл үрдісті сақтап келе жатқан цифрлық университет және инженерлік білім жетекшілігі жобасы таныстырылды.
2014 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан компания мыс, мырыш, алтын және күміс өндіретін компания халықаралық деңгейдегі аясын кеңейіп, ел мүддесі үшін тың жобаларын бүгін де жүзеге асырып келеді. Талабы күн санап өсетін еңбек нарығында жаңа жобалар әрдайым трендке жауап беретін, қабілетті де, білікті мамандарды талап етеді. Ал бұл сұранысқа, достастық аясында ШҚТУ жауап беруге дайын.
Көптен бері тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібіне кәсіби кадр даярлайтын университетпен таныстық бүгін жаңа байланыс орнатты. Келешек ынтымақтастықтың және сәттілікке негізделген бірлестіктің кілті анықталды.