Құрметті білім алушылар!
2022 жылдың 13-ші маусымнан 22-ші маусымға дейін студенттерге қызмет көрсету орталығында жеке кабинет арқылы оқу процессі барысында босатылған бакалавриаттың жергілікті бюджет қаражаты есебінің (ЖАО гранты) бос гранттарын тағайындау бойынша өтініштер онлайн-қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар шарт негізінде келесі құжаттарды тіркеуі қажет:
- конкурсқа қатысу туралы Басқарма төрағасы - ректордың м.а. атына өтініш (өтініш нысаны өтінім берген кезде қол жетімді болады);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- студенттердің құжаттарына транскриптер Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынады.
Бос гранттар беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық қарыздары жоқ білім алушылар қатыса алады.
Конкурс үлгерімнің аралық аттестаттау негізінде GPA орташа балы нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін - А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі - оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Топ коды | Мамандық /Білім беру бағдарлама тобы | Оқу формасы | Негізгі білім | Оқу кезеңі | Оқуға түскен жылы | Жалпы бос орындар |
B074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Күндізгі | Орта | 4 | 2019 | 1 |
B044 | Менеджмент және басқару | Күндізгі | Орта | 4 | 2021 | 1 |
B062 | Электр техникасы және энергетика | Күндізгі | Орта | 4 | 2021 | 3 |
В073 | Сәулет | Күндізгі | Орта | 5 | 2021 | 1 |
B075 | Кадастр және жерге орналастыру | Күндізгі | Орта | 4 | 2021 | 1 |
ЖОО үшін барлығы | 7 |