GREEN WEBINAR жобасы аясында 17 қарашада аталып өтілген Халықаралық студенттер күніне орай "Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" ББ екі магистранты (Советханов Д.Е. және Апсеитова А.Н.) "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ базасында "Экология" білім беру бағдарламаларында ерекше көзге түскен магистранттар мен докторанттарға арналған вебинарларға қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа экологиялық Кодекс күшіне енгені белгілі, оның негізгі бағыттарының бірі әрбір өңірдің бірегейлігін ескере отырып, экологиялық технологияларды интеграциялау арқылы экологиялық білім беруді жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ тұрақты даму мақсаттары призмасы арқылы мемлекеттің білім беру мекемелеріне мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі.

Осындай жобалардың бірі - экология саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттыру мақсатында ғылыми білім мен технологияларды тарату үшін құрылған GREEN WEBINAR білім беру платформасы.