Республика күні қарсаңында ШҚТУ «ТМД Хакатомның» екінші кезеңіне қатысып, нәтижелі жеңіске жетті. Бұл еліміздің егемендігін айғақтайтын ұлттық мерекемізге арналған тамаша арнау болды.

2022 жылдың 12-13 қазан күндері Қазақстан, Қырғызстан және Армения елдерінде екінші «ТМД ХакАтом» - нақты деректер мен сенсорлық көрсеткіштер негізінде АЭС технологиялық параметрлерінің мәнін болжау үшін ақпаратты өңдеудің оңтайлы әдістерін жасауға арналған атомдық хакатон өтті.

Іс-шараны "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы, Қазақстан ядролық қоғамы, Өскемендегі Орыс үйі, Еревандағы Орыс үйі, "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті, өз студенттік командаларын ұсынған және конкурс сарапшылары болған ТМД елдері жоғары оқу орындары ұйымдастырды.

Іс-шараға 9 команда қатысты: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және Армения ұлттық политехникалық университеті.

12 қазанда "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті оқытушылары командаларға атом энергетикасы, қоршаған ортаны қорғауда радиациялық технологияларды қолдану, АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында дәрістер өткізді. Кейін тапсырмаларды орындауға 24 сағат берілді.

Келесі күні, яғни, 13 қазанда "science slam" форматында командалық жұмыстарды қорғау өтті: қойылған мәселені шешімін таныстыруға 10 минут уақыт бөлінді. Сондықтан барлық ЖОО өкілдері кіретін қазылар алқасы тапсырма шешімін ғана емес, команданың коммуникативтік дағдыларын, презентация сапасын бағалады. Қазылар алқасының құрамына Росатом-Цифрум жетекші маманы, жасанды интеллектті жобалау және әзірлеу басқармасы бөлімінің сарапшысы, атом саласын цифрландыру жөніндегі "Цифрум" жеке мекемесі, Дмитрий Распопов қатысты.

Барлық команда дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және сынақты абыроймен өтті. Бірақ хакатон байқау болғандықтан, қазылар алқасы сарапшылардың пікірін ескеріп, қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді атады. Бірінші орын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің "Альфа-бөлшектер" командасына, екінші және үшінші орын ШҚТУ атынан шыққан "Соляридзе-235" және "Үүлкен жарылыс теориясы" командалары иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған ШҚТУ командаларының құрамы:

I орын - "Альфа-бөлшектер" командасы (команда жетекшісі: Смирнов Антон)::

№ о/о ТАӘ ОБ курс
1 Бектемиров Арслан 6B07104 - Электроэнергетика 3
2 Ташеков Алемхан 6B07101 - Автоматтандыру және басқару 4
3 Смирнов Антон 6В06103 - Математикалық және компьютерлік модельдеу 2
4 Измайлов Леонид 6B05301 - Техникалық физика 2
5 Измайлова Алина 6В11201 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 4

II орын - "Соляридзе-235" командасы (команда жетекшісі: Синельников Максим)::

№ о/о ТАӘ ОБ курс
1 Мусаев Амир 6B07104 - Электроэнергетика 4
2 Иванов Валерий 6B07103 - Жылу энергетикасы 4
3 Айтқазин Нұржігіт 6B05301 - Техникалық физика 3
4 Синельников Максим 6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 3
5 Елистратов Иван 6B07101 - Автоматтандыру және басқару 3

III орын - "Үлкен жарылыс теориясы" командасы (команда жетекшісі: Борозенец Дэвид)::

№ о/о ТАӘ ОБ курс
1 Смехов Руслан 6B07104 - Электроэнергетика 4
2 Борозенец Давид 6В06103 - Математикалық және компьютерлік модельдеу 2
3 Огузбаев Темирлан 6B07103 - Жылу энергетикасы 4
4 Лискунович Давид 6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 3
5 Перевалов Тимофей 6B05301 - Техникалық 2

Бірінші "ТМД Хакатон" байқауы сынды, барлық командалар ерекшелігі - пәнаралық, ал ынтымақтастықтың негізі  - инженерлік құзыреттілік болды.

"Бәріміз әртүрлі елдерден келгенімізге қарамастан Бүгінгі хакатонда бір- бірімізді түсініп, бір бағытта келе жатқанымызды көрдік. Бейбіт атом мен атом технологиясын қолдану байлық пен денсаулық әкеледі. Бастысы-бірге болу және бір бағытта жүру. Мұндай конкурстарға қатысу – тағылымдамадан өту және оқу, өзіңіз таңдаған салада жұмыс істеу мүмкіндігіне жол ашады", - деп атап өтті Қазақстанның ядролық қоғамы жанындағы Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталық директоры Сейіт Әлиев.

"Байқауға қатысқандардың барлығы жеңімпаз. Әркім өз елінің әл - ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды іспен айналысуда" - деп қорытындылады іс-шара модераторы Дмитрий Самохин, НИЯУ МИФИ.

Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар"Росатом"МК атаулы сертификаттарын алады. Айта кетейік, байқауға 5 командадан тұратын ШҚТУ-дың 1-4 курстан 23 студенті қатысты. Біздің студенттерге арналған іс-шара Атом және дәстүрлі энергетика технологиялары мектебі ұжымының қолдауымен Г-1-416 аудиториясында Киберспорт орталығының базасында ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!