Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ұжымы қызметкер-зейнеткерлерін құрметті демалысқа шығарып салды. Іс-шараға қатысушылардың әрбірі бірнеше жылдар қатарынан Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нде еңбек етіп, білім, ғылым, инновацияны дамытуда баға жетпес үлес қосқан жандар.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ректоры Ж.Қ.Шаймарданов мырза да ардагерлерді ізгі тілектерімен құттықтап, сөз сөйледі. «Құрметті әріптестер, сіздер осы күнге дейін университет үшін аянбай, адал еңбек етіп келдіңіздер. Қаншама күш-жігер мен уақыттарыңызды арнаған университетті қалдыру, әрине, өкінішті. Бірақ, өкінуге орын жоқ, өйткені, сіздердің алдарыңызда жаңа белес, жаңа жол. Ол жолда сіздерді жақындарыңыз, балаларыңыз, достарыңыз тосып тұр. Осы уақытқа дейін әріптестеріңіз бен түлектеріңіздің  алғысын алып, беделге ие болдыңыздар. Сіздердің орындарыңызды ешкім баса алмайды. Сіздерге шын жүректен рақмет айтамыз!»

Салтанатты іс–шара барысында өздерінің әріптестері мен тәлімгерлерін құттықтау үшін проректорлар, кафедра меңгерушілері сөз сөйледі.

«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л.Л.Краснобаева: «Бүгін біз сіздерге көп жылдық және қажырлы еңбектеріңіз үшін рақмет айтамыз. Жастарыңызға біраз жас қосылса да, Сіздер сияқты алға ұмтылған, белсенді жандар үшін әлі талай биіктерден көріну қиын емес. Шындығында, Сіздерге, сау бол айтысып, қоштасу біздерге өте ауыр тиіп отыр. Сіздердің даналықтарыңыз, тәжірибе мен керемет жұмыс қабілеттіліктеріңіз жоғары нәтижеге жету үшін ұжымға көп көмегін тигізіп кетті. Еліміз бен өңірді дамытуда қосқан үлестеріңіз университетіміздің мақтанышы мен абыройы болып табылады. Сіздердің алдағы демалыстарыңыз жеңіл де қуанышты, ал өздеріңіз біз білетін өмірге құштар, позитивті болып қала беріңіздер. Бұл тағы бір өмірдің кезеңін сіздер белсенді әрі көңілді өткізесіздер деген ойдамыз» деген тілектермен зейнеткерлерге шын ниетпен алғысын айтты.

Ректордың кеңесшісі Ж.Д.Назбиев зейнеткерлерді құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. «Біздің ұжым және өздеріңіздің тәрбиеленушілеріңіз жүрекке қалдырған ұмытылмас сабақтарыңыз үшін рахмет айтып, алғысын білдіреді. Университет қабырғасына сіңірген еңбектеріңіз бен алтын уақыттарыңызды бағалап, қосқан үлестеріңізді ескеріп өтеміз. Сіздердің әр іске шығармашылық және оптимистік көзқарастарыңыз бен көтеріңкі көңіл-күйлеріңіз біздерге жетіспейтін болады. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, қаржылық тұрақтылық, қызықты да қуанышты сәттер, сонымен қатар, ұзақ ғұмыр тілейміз.»

Алғыс сөздерімен ардагерлер де сөз сөйледі. Олар ШҚМТУ-нің ұжымына ерекше алғысы мен рақметін айтып, болашақ ұрпаққа жұмыста сәттілік, табыс, күш-жігер, дендеріне саулық тіледі. Олардың ішінде, талай жылдар бойы аталған университеттің ректоры болып қызмет еткен (1986-2000 гг.) Юрий Васильевич Баталовті ерекше айтуға болады. Юрий Васильевич ЖОО институт шеңберінен асып, 1996 жылы университет мәртебесіне ие болғанға дейін университет үшін көп еңбектенген адам. Іс-шараға қатысып отырған әрбір зейнеткердің аталған университетке сіңірген еңбегі ұшан теңіз.  

Құрметті де аяулы әріптестер, қадірлі білім және ғылым саласының зейнеткерлері, біз Сіздерді мақтан тұтамыз, Сіздер үшін біздің есік әрдайым ашық.