Құрметті 2016 жылғы оқу гранттарының иегерлері! Сіздер еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының біріне түстіңіздер. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ – ҚР-ның шығыс аймағындағы ірі ғылыми-білім орталығы. Унверситет құрамына үш факультет, 30-дан аса ғылыми-зерттеу лабораториялары, студенттік құрастырылатын және технологиялық бюро желісі кіреді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің кітапханалық қорын миллионнан аса дана қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде жазылған кітаптар құрайды, электронды тасығыштарда кең көлемді ақпараттар, Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі де қарастырылған.  Ішкі академиялық мобильділіктің дамуы негізінде студенттер ҚР-ның басқа да жоғары оқу орындарында, сонымен қатар таяу және қиыр шет елдердің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар.  Қазіргі уақытта университет 60 жоғары оқу орындарымен және әлемнің 20 мемлекетінен шет ел компанияларымен серіктестікті дамытуда. Шақыртылған ғалымдар мен оқытушылар дәріс оқиды, семинарлар ұйымдастырады. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады, университеттің белсенді шығармашылық өміріне араласады, көркемөнермен айналысады, өнердің әртүрімен және жанрларымен танысады. Оқу орнының түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 90% құрайды.

Сіздерді өмірлеріңіздегі дұрыс таңдаумен құттықтаймыз және үздік оқу мен әсерлі студенттік өмір тілейміз! Ақ жол !