Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ЖОО-ның үш түлегімен – ҚР инвестиция және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаевпен , «НК Казавтодор» АҚ ШҚ ОФ директоры Серік Ақтановпен, «НК Автодор» АҚ Бас директорының орынбасары Қанат Мықышевпен кездесу өтті.
ЖОО-мен көп жылғы жемісті ынтымағы және университетті дамытуға қосқан үлесі үшін М.Пшембаев ШҚМТУ-дың құрметті профессоры болып сайланды. Бұл жөнінде университет ректоры Н.Темірбеков хабарлап, Мереке Құдайбергенұлына аттестат тапсырды.
М.Пшембаев алғыс айтып, университетпен ынтымақ жалғаса беретінін айтты.