19 қараша күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде Дәулет Серікбаевтың туғанына 105 жыл толуына орай іс-шара өтті. Дәулет Серікбаев кім болған және университетіміз неге оның есімімен аталады? Бірінші курс студенттері осы сұрақтарға жауап алды.

Тарих пәнінің оқытушысы Ш. А. Жадыгеров студенттерге Дәулет Серікбаевтың өмір жолы туралы дәріс оқыды. Ол тұлғаның қызметі мен білім саласының дамуына қосқан үлесі жөнінде айтып, оның университет тарихындағы орнын түсіндірді.

Дәрістен кейін тыңдалған материал бойынша викторина өтті. Бірінші курс студенттері сұрақтарға жауап беріп, алған білімдерін тексерді. Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар студенттерге өз оқу орнының тарихын тереңірек білуге және университет есімімен байланысты тұлғалардың өмір жолымен танысуға мүмкіндік береді. Викторина жеңімпаздарын құттықтаймыз және мазмұнды дәрісі үшін Ш. А. Жадыгеровке алғыс айтамыз!

div class="gallery" style="text-indent: 2em; text-align: center;">