Ол пайдалы және маңызды ақпараттың үлкен көлемін барынша қарапайым және ыңғайлы түрде ұсынады
14-15 қаңтар
Инфографика,ақпараттық дизайн деректерді көзкөрімді ету оқытушылар мен бөлімше басшыларына арналған тренинг осы тақырыпқа арқау болды. «ProfiTraining» білім беру технологиялары орталығының директоры Светлана Каплина аудитория алдында сауатты сөйлеу жөніндегі білімі мен тәжірибесімен бөлісті.
Біздің әрқайсымызды тұлға ретінде жан-жақты және дәл көрсететін графикалық сурет жеке герб болып табылады. Слайдтарды, роликтерді, таратылатын материалдарды, ең бастысы таныстырушының өзін нәтижеге жетуге қалай бағындыруға болады? Тыңдаушының идеялары мен ойларында бізді не нәрсе барынша түсінікті етеді? Аудиторияның тілінде сөйлеуге қалай үйренуге болады?
Барлық концепция ертедегі грек ғұламасы Скилефтің мына атақты формуласында «Табыс-қызық ойларды жеткізе білу шығармасы». Барлығы мүмкіндігінше қарапайым түрде баяндалуы керек, бірақ қарабайыр емес. Бұл ойды кемеңгер және аралас-құраласта өте қарапайым Альберт Эйнштейн қалдырған.
Біздің таныстыруларда егер мыналарды білсек, табысқа жетеміз:
- мақсатқа дөп тиетін тақырыптар қойылса;
- тексті, суретті, фотоны,графиканы, схеманы дурыс орналыстарса;
- көзкөрімдік гигиенаны (шаблондар, түстік схемалар) сақтаса:
- олармен тиімдірек сөйлеу үшін слайд композициясының принциптерін сақтаса...
Келіссөздер және бизнес-коммуникациялар жөніндегі сарапшы, риторика, шешендік шеберлік университетінің жетекші лицензиаты( Москва ) Светлана Каплина текстік слайд жасаудың өзекті критерийлері, сандық деректерді ( кестелер,шеңберлі диаграммалар, гистограммалар,көлбеу диаграммалар, графиктер) бейнелеудің әдістері, бүкіл презентацияның құрылымын көзкөрімді ету үшін интеллект-карталарды пайдалану жөнінде теориялық және практикалық сабақ өткізді.