ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» негізіндегі инновациялық оқу орталығы жұмыс істейді. Биыл орталықта «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Көлік тасымалы, қозғалысы және оны пайдалану» білім беру бағдарламаларына алғашқы студенттер қабылданды. Бұл бағдарламалар талапкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» бағдарламасында 104 бакалавр, 10 магистр және 4 докторант оқиды, ал «Көлік тасымалы, қозғалысы және оны пайдалану» бағдарламасында 38 бакалавр мен 2 магистр білім алуда.

«Болашақ инженерлер» үшін оқу процесі басталып, студенттер белсенді түрде оқуға кірісті. Олар үшін маңызды құзыреттерді қалыптастыратын қазіргі заманғы технологиялар бойынша білім алуда. Бұл бағдарламалардың түлектері Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де сұранысқа ие болады, бұл «Лу Бань шеберханасы» базасында мамандардың халықаралық деңгейде дайындалатынын тағы бір рет дәлелі болмақ.
Шеберхананың маңыздылығын елдің жоғары лауазымды тұлғалары бірнеше рет атап өтті: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның инженерлік білім мен кадрлар даярлаудағы, аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде өзекті міндеттерді шешудегі маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Лу Бань шеберханасы» - тек оқу орталығы ғана емес, көлік саласы мен онымен байланысты салалардағы инновациялық идеяларды жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктер жасауға арналған платформа болып табылады. Бұл білім беру бағдарламаларының студенттері қазіргі заманның сынақтарына дайын, технологиялар мен ел экономикасының дамуына үлес қосуға қабілетті болашақ инженерлер болады.

Сондай-ақ, жоба халықаралық ынтымақтастық пен инженерлік білім беру саласындағы жетекші әлемдік орталықтармен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ашады. Бұл студенттерге ғана емес, оқытушыларға да кәсіби дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді. «Лу Бань» - бұл тек оқу орталығы ғана емес, жаңа буын мамандарын дайындауға арналған озық технологияларды, білім мен ғылымды біріктіретін стратегиялық жоба. Мұнда білім алатын студенттер Қазақстанның тұрақты болашағын құруға бағытталған үлкен жобаның бір бөлігі болады.