Құрметті студенттер мен қызметкерлер!
2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығының (KazSEE) Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті.
Агенттіктің Аккредиттеу кеңесі университетті 5 жылға аккредиттеді.
Университет ұжымын институционалды аккредиттеу рәсімінің сәтті аяқталуымен құттықтаймыз.
Студенттер мен қызметкерлерден құралған ұжымға білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрі жақсартуға, жоғары технологиялық ғылыми жобаларды іске асыруға, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялизациялауға тілектеспіз!
Сыртқы бағалау және сапа
менеджменті бойынша орталық