Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Мансап орталығы «КАРЬЕРАЛЫҚ QUIZ: бәрі де мамандықтар туралы» атты қызықты әрі мазмұнды зияткерлік ойынды ұйымдастырды. Бұл шара білім, серпін мен кәсіби дамуға арналған нағыз мерекеге айналды!
Бәсекеге қабілеттілік пен ұжымдық бірлікті көрсету үшін аймақтың жетекші кәсіпорындары мен оқу орындарының командалары бас қосты:
- Үлбі металлургиялық зауыты АҚ(ҮМЗ)
- «Востокцветмет» ЖШС (ВЦМ)
- «КС РНП» ЖШС
- Жоғары IT колледжі
- EKTU Startup командасы (ШҚТУ)
- «БЭЖК» АҚ
- Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ
Қатысушылар логикалық ойлау, креативтілік және кәсіби білімдерін көрсетті. Олар дәстүрлі және заманауи цифрлық мамандықтар бойынша терең білімдерімен бөлісті.
Ойын барысында қатысушылар 5 қызықты турдан өтті:
- мамандықты сипаттамасы бойынша табу,
- болашаққа қажет дағдыларды тану,
- логикалық сұрақтарға жауап беру,
- аймақтағы ірі кәсіпорындар туралы білу,
- топпен жұмыс істеуді қажет ететін тапсырмаларды орындау.
Әр тур — жаңа білімге қадам, ал ойын — болашақ кәсіби жолға деген шабыт.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — ҮМЗ АҚ және БЭЖК АҚ командалары
2 орын — Д.Серікбаев ат.ШҚТУ командасы
3 орын — ВЦМ ЖШС және КС РНП ЖШС командалары
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар грамотарға ие болды. Ең басты сыйлық — жаңа білім, жақсы эмоциялар және кәсіби мотивация.
Мансап орталығы барлық қатысушылар мен серіктестерге алғысын білдіреді!
«КАРЬЕРАЛЫҚ QUIZ» — бұл мамандық әлемін танудың қызықты әрі пайдалы жолы екенін дәлелдеген шара болды!