27 қыркүйек күні университетте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің халықаралық даму және өзара іс-қимыл орталығының директоры (Liadi Kolapo MUDASHIRU) Лиади Колапо Мудаширумен кездесу өтті. Л.Мудаширу Durham университетінің халықаралық орталығының жетекшісі және Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның әрекеттестігіне жауапты тұлға болып табылады.
Кездесуге Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің профессорлық оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар және 4-ші, 5-ші курстың студенттері қатысты.
- Білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын (БҒДМБ) жүзеге асыру аясында, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і Durham (Ұлыбритания) университетінен топ-менеджер Л.Мудашируді 2016-2017 оқу жылында біздің университетте жұмыс істеу үшін шақырды. Доктор Л. Мудаширу ШҚМТУ-мен бірнеше жылдар қатарынан бірлесіп, белсенді қызмет етіп келеді. ШҚМТУ-нің ғалымдары Н.А.Куленова мен Д.Л.Алонцевамен British Council байқауы үшін бірлесіп жасалған ғылыми жобалары да дайындалған, - деді өз сөзінде ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко.
Кездесу барысында Лиади Колапо Мудаширу университет оқытушыларын, магистранттарын және докторанттарына өзінің презентациясын, халықаралық бағдарламаларға, жобаларға және тағылымдамаларға қатысудың мүмкіндігін таныстырды. Қатысушылар Л.И.Мудашируге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Кездесу соңында университеттің ғалымдары Н.А. Куленова мен Д.Л.Алонцева жемісті еңбегі үшін Лиади Колапо Мудашируге алғысын айтып, болашақта табысқа жете беруін тіледі!
Д.Серікбаев атындағыШҚМТУ-нің баспасөз қызметі