Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Қауыпсіздік қызметінің бастығы Қабин Тоқтамыс Құмарбекұлының төралығымен «Ішкі тәртіп және де қауіпсіздік ережелерін сақтау» туралы Foundation факультетінің деканының орынбасары Кусаиновтың Б.М., №1 жатақхананың комменданттары Ибрагимованың А.К., Қамзаеваның Ж.Қ. факультет әдіскері Охайдың А., Foundation факультетінің тыңдаушыларымен 2018 жылдың 26 желтоқсанында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: университет қабырғасында, жатақханада ішкі тәртіп ережелерін қатаң түрде сақтау; ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, қоғамдық орындарда, университет қабырғасында, жатақханада акогольдік ішімдіктерді ішуге және де шылым шегуге қатаң тыйым салынатыны айтылды.
Күнделікті жағдайда қолданылатын электр құрылғылары, оның ішінде: тамақ дайындайтын пештерді; электр жылытқыш; ұялы телефон қуаттандырғышын, аталмыш электр құрылғыларды үнемі қосып қараусыз қалдыруға болмайтыны айтылды.
Демалыс және мейрам уақыттарында Өскемен қаласынан тыс жерге (қонаққа туыстарына бару, отбасылық жағдайлар) қатынау кездерінде Foundation факультетінің басшылығының рұқсат сұрап баратындары жайлы ескертілді.