Жоғары IT колледждің білім алушылары 7-ОД-1к, 20-ОПИ-1к тобының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Барлық қыздар қауымын шын жүректен құттықтай отырып, Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін дегіміз келеді. Топ кураторлары Каламкас Мусабековна мен Эльвира Жанболатқызына алғысымыз шексіз!