Бизнес және кәсіпкерлік мектебінде "Люблин Политехникасы" мемлекеттік техникалық университеті машина жасау факультетінің өндіріс және компьютерлендіру кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, профессор Arkadiusz Gola профессорлық оқытушы құрамға арналған курстарын аяқтады.

"Академиялық жұмысты жақсарту үшін қолданылатын үнемді өндіріс әдістері мен құралдары" семинары (36 сағат) 31.10.2022-04.11.2022 аралығында өтті. Курс барысында оқытушылар зерттеу және ғылыми жұмыстардың ерекшеліктері, білім беру процесін жобалау мен басқарудың Еуропалық тәжірибесі туралы әдістемелер алды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасын іске асыру аясында Arkadiusz Gola өзінің академиялық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби құзыреттілігін көрсетті.

Ал біз ғалымның университетпен одан әрі жемісті ынтымақтастығына үміт артамыз және алғыс білдіреміз!