2024 жылдың қыркүйегінде BR21882022 «Мониторинг жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының белсенділігін зерттеу» жобасының қызметкерлері Н.Ф. Денисова, О. А. Петрова және В. Н. Зуев "Красная Поляна" курортының (Сочи қ., Ресей) көшкінге қарсы қызметіне барған болатын. Іссапардың мақсаты курорттың қар көшкініне қарсы қызметінің тәжірибесін зерттеу, курортта жұмыс істейтін қар көшкінінің қауіптілігін бақылау жүйесінің жұмысын, элементтерін, жобалау және монтаждау кезеңдерін зерттеу болды.
Мониторинг жүйесінің жабдықтарымен көшкінге қарсы қызметтің метеорологы Панков Максим Анатольевич таныстырды. Метеостанциялардың барлық бағыттары мен орнату орындары, метеостанциялардың жабдықтары және онымен жұмыс істеу тәсілдері зерттелді. "Красная Поляна" курорты үшін арнайы әзірленген және баламасы жоқ жаңа жабдықтың жұмысымен танысу болды. Ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі, көшкін болжамдарын жасау, көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдау зерделенді.