10 сәуірде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында 2018 жылдың түлектеріне арналған бос қызмет орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Аталмыш шара жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестермен тиімді байланыс орнатуға, еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін анықтау үшін, сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында университетте жыл сайын өткізіледі.
Жұмыс берушілер ретінде ірі кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының, шағын және орта бизнестің басшылары шақырылды. Оларға топтық және жеке сөйлесу үшін жұмыс алаңдары берілді.
Мониторингке сәйкес, университеттің түлектерін жұмыспен қамту деңгейі 90% -дан асады. ШҚМТУ бірнеше жыл бойы өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау тәжірибесімен айналысады.
Іс-шара университетіміздің ОӘЖ бойынша проректоры Сауле Рахметуллинаның құттықтау сөзімен бастау алды. Ол бүгін университет түлектері үшін болашақ жұмысы туралы көбірек ақпарат алуға, жұмыс берушілер алдында өздерін сынап көруге, сұхбаттасуға бірегей мүмкіндік туып тұр деп атап өтті.
Жәрмеңке жұмысын ұйымдастыруда «ҮМЗ» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, "Сәтпаев кен-байыту кәсіпорны" ЖШС, «Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ҚР ІІМ ШҚО ІІД Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы ММ, ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының ШҚО бойынша аймақтық іскер әйелдер кеңесі, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің ШҚО бойынша «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, «Шығыс-сүт» ЖШС, «Облыстық білім беру және ғылым кызметкерлерінің кәсіподағы ұйымы» ҚБ және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері қатысты.
Аталмыш компаниялар және мекемелер өкілдері түлектерге құттықтау сөздерін жеткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ бітіруші түлектердің қатарынан нағыз кәсіби мамандардың табылуына үміттерін білдірді.
Кітапхананың оқу залында жұмыс берушілер мен университеттің түлектері арасында жеке әңгімелесу өткізілді.
Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибе өту туралы 3 жақты келісімдер жасалды.
ШҚМТУ Баспасөз Кызметі