Екі күн ішінде (2024 ж. 18-19 сәуір) Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "Үлбі металлургия зауыты" АҚ мамандары Юлия Антонова 2,3,4 курс білім алушыларына кәсіби тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты - арманыңыздағы жұмысқа орналасудың табысты стратегиясын әзірлеу. Көбісі "Үлбі металлургия зауыты" АҚ сияқты беделді компанияларда жұмыс істеу туралы ойланады. Нарықта сұранысқа ие компанияға жұмысқа орналасу үшін мұқият дайындықтан өтіп, барынша күш салу керек.
Қажетті мақсатқа жету үшін тренингке қатысушылар 5 негізгі кезеңнен өтуді пысықтап шықты:
- жұмыс берушілер нарығына талдау жүргізу;
- жұмысқа шақыруларды қарастыру және дұрыс таңдау жасау;
- әңгімелесуге шақыруға қол жеткізу;
- жеке сұхбаттасуды үйрену;
- бас тартқан сәтті қабылдай білу.
Егер өзінің кәсіби арманын жүзеге асыру жолында жоғарыда аталған дағдыларды ұстанып, өз амбициясын сауатты көрсетсе, онда "Үлбі металлургия зауыты" АҚ-да немесе басқа да беделді компанияда сәтті жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады.
Тренинг өте жоғары эмоционалды деңгейде өтті. Болашақ еңбек кадрлары одан әрі білікті жұмысқа орналасуға көмектесетін көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.