Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «EKTU EDUCATIONAL ACADEMY» желілік инженерлік мектебіне қабылдауға облысымыздың 700 ге жуық 9, 10 және 11 сынып оқушылары өтініш беріп, оның 130-ы қабылдау емтиханынан жақсы нәтиже көрсетіп, Басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен желілік инженерлік мектебіне қабылданды.
Бұқтырма су қоймасының жағалауында ұйымдастырылған жазғы инженерлік мектептің жұмысы ерекше еді. Университет оқытушылары оқушылардың жазғы демалысын біліммен толықтырып, спорттық ойындармен шынықтырып, таза ауада тыныстатып, интеллектуалды ойындармен динамикалық тұрғыда ұштастыра білді. Жазғы инженерлік мектептің Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы «Геодезия және картография», «Тау кен-ісі» білім беру бағдарламаларының студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту кезеңімен тұспа-тұс келгенінің өз үлесі ерекше. Спорттық эстафеталық жарыстар «студент – оқушы» қарым - қатынасының одан әрі нығайуына жол берді.
Олар Білім күні 1 курс студенттерімен шеруге қатысып, академиялық кестелерімен, оқытушылар құрамымен танысты. Оқушылар Желілік инженерлік мектепішілік және облыстық олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауына қатысып, өз білімдерін сынға салып, жақсы нәтижелер көрсетті. Университеттің академиялық апта аясында өткен Желілік инженерлік мектебінің шеруінде оқушылармен бірге ата-аналар, мұғалімдер қатысып, оң пікірлер мен бағаларын берді. Облыс мектептерімен З0 дан аса келісім шарттар жасалды. Осы жобаның құндылығы Абай, Түркістан, Жетісу облыстарының мектептерінің қызығушылық танытуымен анықталып отыр.
Оқушылармен өзін-өзі реттеу, уақытты жоспарлау, өзіндік даму жоспарын ұсынып, үлкен жұмыс жасалғаны анық. Оқушылар шынайы инженерлік мектептің есігін ашты десек артық болмайды.