18 сәуір күні Өскемен қаласында КАРЬЕРАЛЫҚ WORKSHOP өтті — бұл өз мансабын жаңадан бастаған жастар мен болашағын қайта құруды мақсат еткен жандарға арналған тәжірибелік тренинг. Шара барысында қатысушылар мотивация алып қана қоймай, кәсіби дамуға қажетті нақты құралдармен танысты.

Армандаған жұмысыңа қалай қол жеткізуге болады? Жеке тәжірибе: сатушыдан директорға дейінгі жол

Бірінші болып сөз алған Березинская-Абилова Елена Николаевна, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, өзінің мансаптық жолымен бөлісті. Ол сатушы қызметінен бастап директорлық лауазымға дейінгі өсу жолын шынайы әрі шабыттандыратын әңгіме арқылы баяндады. Қатысушыларға сәтсіздіктер мен қиындықтар да өсу жолының бір бөлігі екенін еске салып, өзгерістерге бейімделу мен жауапкершіліктен қорықпау керектігін жеткізді.

Жұмысқа орналасудағы психологиялық кедергілер

Келесі тренингті Жарасбаева Нұргүл Қазбекқызы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың психологиялық қызметінің жетекшісі өткізді. Ол жұмыс іздеуге және сұхбаттан өтуге кедергі келтіретін ішкі сенімсіздік, қорқыныш пен жалған сенімдер туралы айтты. Қатысушылар «самозванец синдромы», төмен өзін-өзі бағалау секілді мәселелермен қалай күресу керектігін, өзін қалай сенімді ұстауға болатынын үйренді.

Табысқа жетелейтін тайм-менеджмент: тиімді жаттығулар мен кеңестер

Воркшопты Слабодчикова Наталья Сергеевна, «Өскемен ЖЭО» ЖШС корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі қорытындылады. Ол уақытты тиімді басқару жолдарын, приоритет қою және күйзелістің алдын алу әдістерімен бөлісті. Қатысушылар қарапайым, бірақ нәтижелі тайм-менеджмент техникаларымен танысып, мансап пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау туралы пайдалы кеңестер алды.

Тренингке қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылды, демеуші "City Center"ЖШС аспаздығы болды.