3 ақпанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 1 курс студенттеріне Әлеуметтану пәні бойынша «Қазақ тіліндегі 100 кітап – Жаңа Гуманитралық білім»  бағдарламасы аясында оқу үрдісіне енгізілген қазақ тіліне аударылған кітаптармен  таныстырылу ашық дәрісі өтті.

«Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының доценті Сауле Уалиева студенттерге оқулықтардың мазмұны мен бағыттары жайлы  танымдық дәріс берді. Кітаптарға тоқталатын болсақ, Дэвид Б. Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Джорж Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлуеметтік психология»,  Светлана Тер-Минасованың  «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»,  Элиот Аронсонтың  «Көпке ұмтылған жалғыз» және «Әлеуметтік психологияға кіріспе коммуникация»  және т.б. кітаптарға толығырақ тоқталып, олардың «Әлеуметтану» пәнін оқытудағы маңыздылығын атап көрсетті. Дәріс барысында студенттер тарапынан қызығушылық  танытатын сұрақтар және ұсыныстар айтылды.

Қазіргі таңда ЖОО үшін  білім беру әдістемесі ғана емес, оның мазмұны да маңызды болып отыр. Сол себепті мұндай кітаптар келешекте университет қабырғасында қазақ тілінде оқитын студенттер үшін таптырмас ғылыми мұра деп білеміз.