Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорының басқарушы директоры Айсағалиева София Серікбайқызымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қордың білім беру грантының иегерлерімен кездесу өтті.  

София Серікбайқызы қордың қызметі, оның қандай бағыт бойынша және қандай жобаларды қаржыландыратыны, ауыл мектептерін жабдықтауға үлкен көңіл бөлініп отырғаны туралы айтып берді. Қаражат бөлінетін екінші маңызды бағыт – медицина. Науқас балаларға көмектесуден бөлек, протездеу жобалары туралы сөз болды.

«Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін Президенттің бастамасымен "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" қоғамдық әлеуметтік қорын құру Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеп жатқанына куә болып отырмыз», - деп атап өтті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сауле Жәдігерқызы. Біздің Университетте 8 студент қордан қаржылық қолдау алды. Олар 1,2,3 курс студенттері, келесі білім беру бағдарламаларында оқиды:

  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
  • Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  • Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
  • Стандарттау және сертификаттау;
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы;
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің педагогикалық бағытта білім алудағы студенттер, болашақ жоспарларымен бөлісті.

София Серікбайқызымен кездесу өте мазмұнды және қызу өтті, студенттер берілген мүмкіндік үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Кездесуден кейін София Серікбайқызы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен және ғылыми жобаларымен танысты.