"Қазақстандықтар - болашақ біртұтас ұлт". Осындай атаумен ҚХА 25 жылдығын мерекелеу аясында пікірсайыс турнирі өтті. Бұл ШҚО әкімі аппаратының "Достық үйі - Қоғамдық келісім" орталығы қолға алған іс-шаралардың бірі.
ШҚМТУ студенттері қалыс қалмай, бар білгендері мен білімдерін ортаға салды. Әдетте пікірсайыс тақырыптары әлеуметтік мәселелерді шешуге шақырады, жастардың қоғамдағы белсенділігі мен патриоттық көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жолғы пікірсайыстың діттеген мақсаты да сол болды.
1 - орынды "Мемлекетшілдер" тобы иеленсе, 2 - орын "Ұлт жандылар" құрамасына бұйырды. 3 - орынды "Жастар" тобы жеңіп алды. ШҚМТУ студенті Кенесжан Мерлат үздік спикер атанды.