Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші кәсіпорындарымен тарихи ынтымақтастықта. Біздің басты серіктестеріміздің бірі – Казцинк. Жоғары оқу орнының әрбір сәтті жобасында компанияның өзіндік үлесі бар.
Бүгін университет базасында Казцинк «Серіктестерінің форумы» өтті. Еліміздің ең ірі кен-металлургиялық компанияларының бірі шағын және орта бизнеспен ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын жыл сайынғы есеп беру іс-шарасын өткізіп отыр.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жеке бизнеспен ынтымақтастық аясында Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен 422 миллион теңгеге «Smart Engineering» Құзірет орталығын ашуға грант иегері атанды. Машина құрастыру және тау кен кешені салаларын дамытуға негізделген Орталық жұмысын, оның аясын өңірдің ірі өндірістік кәсіпорындарына, оның ішінде «Казцинк» ЖШС-не дейін кеңейту жоспарланған. Ғылым мен білімнің бұл үйлесімі ел іргетасын нығайтып, технологиялық әлеуетін арттыратыны сөзсіз.
Университет Казцинк құрылған сәттен бері серіктестік құрып келеді. Компания негізі қаланғанға дейін, 2 жыл бұрын жоғары оқу орнында Тау-кен факультеті ашылып, мамандар даярлап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. 2011 жылы «Казцинк» ЖШС-де университет филиалы ашылып 124 маман түлеп шықты. Оны жыл өте бұл көрсеткіш 10 есеге артып, соңғы үш жыл ішінде ғана 1705 адам тәжірибеден өтетін болды.
Компания университеттің әлеуметтік мәдени, шығармашылық, спорттық іс-шараларының демеушісі. Әсіресе, жастарды бұқралық спортқа шақырудағы рөлін ерекше атап өту қажет. Мәселен биыл, 53 млн теңге көлемінде жазғы спорттық кешені құрылысын ұйымдастырды.
Бүгінгі серіктестік форумына ірі мердігерлер, мемлекеттік органдар, кәсікпкерлер палатасының, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Серіктестік аясында 1200-ден астам жергілікті қызметкерлерді тарта отырып, отандық 13 өндірушімен 18 млрд теңгеден астам сомаға меморандумдар мен офтейк-келісімшарттар жасасу рәсімі болды.