Қазіргі уақытта ШҚМТУ ректоры, профессор Жасұлан Шаймарданов Францияда жұмыс сапарымен жүр. Бірақ, Отанында болып жатқан тарихи оқиғалар әрбір қазақстандық үшін маңызды ақпарат болып табылады.
Маусым айында өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау - бұл барлық қазақстандықтар үшін маңызды тарихи оқиға. Мемлекетіміздің одан әрі тұрақты саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуы үшін сайлау маңызды болып табылады. Жас ұрпақ үшін алдағы сайлау науқанына қатысу Қазақстанның азаматтары ретінде өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы алғашқы саяси тәжірибе болады.
ШҚМТУ баспасөз қызметі