Қазанның 24-і күні Қазақстанда кәсіби мереке- Кітапханашы күні аталып өтеді.Бұл мереке 2022 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ресми түрде бекітілген және содан бері еліміздің білім беру мен мәдениет салаларындағы маңызды мерекелердің біріне айналды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің кітапханасы өзінің тарихын 1958 жылдан, яғни бұрынғы Құрылыс-жол институты (СДИ) құрылған күннен бастайды.Кітапхананың алғашқы директоры Э.К. Афонина болды. Ол кітап қоры мен дәстүрдің негізін қалап, кітапқа және білім іздеген адамға деген құрмет атмосферасын қалыптастырды.

Оның ісін лайықты түрде Г.А. Крюк, Р.Б. Бегимова, Г.К. Акимжанова, Н.Е. Треубекова жалғастырып, жаңа жұмыс түрлерін енгізіп, кафедралармен және факультеттермен өзара байланысты нығайтты, қызмет аясын кеңейтті.

Қазіргі таңда кітапхананы О.Н. Дроздова басқарады. Мұнда заманауи цифрлық технологиялар - электрондық каталог, қашықтан қолжетімді ресурстар және ресми Instagram-парақшасы белсенді енгізілуде.

2019 жылы кітапханада жаңарту жұмыстары жүргізілді: интерьер жаңартылып, кең жұмыс кеңістігі мен заманауи компьютерлік техника пайда болды.Енді студенттер мен оқытушылар университеттің электрондық кітапханасы мен сыртқы ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізе алады.

2021 жылы кітапханаға университеттің алғашқы проректоры Ж.О. Кульсеитовтың есімі берілді. Бұл шешім кітапхананың университеттің дамуына және академиялық дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ кітапханасы - бұл жай ғана кітап сақтау орны емес, ол білім мен идеялар тоғысқан, өткен мен болашақтың кездесетін тірі кеңістігі. Мұнда көне басылымдар заманауи электрондық ресурстармен қатар орналасқан, ал студенттер мен оқытушылар оларды оқу мен ғылыми ізденістерде белсенді пайдаланады.

Кітапхананың ерекше мақтанышы - сирек кездесетін, тарихи және мәдени құндылығы жоғары көне кітаптар сақталған бірегей қор. Әрбір басылым – өз дәуірінің рухын сезінуге мүмкіндік беретін өткенге ашылған терезе іспеттес.

Осы мерейлі күні университет ұжымы барлық кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!Құрметті кітапханашылар! Сіздер  білімнің сақтаушылары, оқуға және даму жолына шабыт беруші жандарсыздар.

Цифрлық технологиялардың дамуына қарамастан, сіздер адамдарға кітапқа деген сүйіспеншілікті сыйлап, рухани байлықтың шамшырағы болып келесіздер.

Мерекелеріңізбен, білім мен даналықтың сақтаушылары!