Біздің университет үшін Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау және жаңа білім технологиялары институты  арқылы ПОҚ үшін АКТ облысында біліктілікті арттыру курстарын өткізу дәстүр болып қалыптасты. «Машинажасау және көлік» факультетінің «Жалпыинженерлік пәндер» кафедрасының оқытушылары, өткен жылғыдай біліктілікті көтеру курстарын өту ұсынысына бірден ден қойды.   Кафедра аға оқытушысы, т.ғ.к. Брим Т.Ф., кафедра доценті Мошнинова Г.Н., кафедра аға оқытушысы Самборская Г.П. «Компьютерная анимация с использованием Macromedia Flash» курсын өтті, к.п.н., кафедра доценті Мелкозёрова Л.Я. – «Электронный учебный ресурс» курсын аяқтады.

24 мамырда осы курстарды аяқтау бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің конференц-залында қорытынды конференция өтті. Ол конференцияда Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау және жаңа білім технологиялары институты директоры Турганбаев Еркен Муксунович,  Академиялық департамент директоры Оразалина З.З., және курс тыңдаушылары қатысты.

Алғашқы сөзді Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау және жаңа білім технологиялары институты директоры Еркен Муксунович алды. Өз сөзінде «АКТ облысында оқытушылар құзырлылығын арттыру курстарына 300 ден астам адам қатысты» деп атап көрсетті. Барлық курстар соңғы нәтиже – оқыту бойынша жүргізілген салада өнім алуға бағытталған. Еркен Муксунович бұл курстар жинақталған тәжірибенің жаңартылуы және заман талабына орай алынған білімдерін қолдана алуға үйретеді деп қосып айтты. 

Конференция барысында Академиялық департамент директоры З.З. Оразалинаға сөз берілді. Зауре Замангазьевна осы курстардың университет оқытушылары үшін ақысыз өткізілуіне көп үлес қосты. Ол өз сөзін курс тыңдаушыларының орындалған жұмыстарын демонстрациялаумен қатар жүргізілді. Оқытушылар өз қалауларына байланысты, бос уақыттарына сәйкес оқу күнін белгіледі. ДОТ порталында сабаққа арналған оқу материалдары, түсіндірме мәтіндері және т.б. келтірілген. Оқытушылар берілген тапсырмаларды ыждаһаттылықпен орындады, сабақтарды босатпады. Зауре Замангазьевна қорытындай келе, «Осы курстардың маңызды нәтижесі - оқытушылар алған білімдері, дағдылары мен шеберліктері болып табылады» деп атап көрсетті.

Курстардың жұмыстарды үздік орындаған барлық тыңдаушыларына біліктілікті көтеру курстарын өткендігі жайлы сертификаттар берілді. 

Университет басшылығына ПОҚ біліктілікті арттыру курстарын өткізуге қолдау жасағандары үшін, курстарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізген барлық оқытушыларға алғыс айтқымыз келеді.

МЖжКФ ОӘЖ дек. орынб. Татьяна Брим

«ЖП»каф. меңг. Гульнар Муслиманова

«ЖП» каф. доценті Галина Мошнинова