ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Желтоқсан алауы» атты рухани кеші өтті. Рухани кеш шейіт болған желтоқсан құрбандарына құрмет көрсетіп, 1 минуттық үнсіздікпен басталды.

Іс-шараға Университетіміздің студенттері, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының және «Ертіс концерт» мекемесінің әртістері қатысты. Желтоқсаншылар желтоқсан жаңғырығын еске алып, студенттер жүрекжарды өлеңдерін оқып, қойылымдар көрсетті.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлесіміз Салмуратова Динара желтоқсан оқиғасы кезіндегі өз естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің маңыздылығын ашу арқылы, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Қорыта айтқанда, тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсан оқиғасының» 35 жылдығына арналған рухани кештің тәрбиелік және танымдық мәні зор болды.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.