Қазақстан Республикасы тәуелсіздігімізді жариялағалы 31 жыл өтіп, дамудың бірнеше кезеңдерін басымыздан кештік. Қазіргі жаһандық жағдайлар, көршілерде болып жатқан аласапыран оқиғалар көңілге қаяу салғанымен, болашаққа деген сенім күштірек. Еліміз қарыштап дамып, биіктерден көрініп, тәуелсіздігіміз нығая берсін.
Осы тәуелсіздігімізді алуға қарышты қадам болған, КСРО –ның құлауына да түрткі болған қанды оқиғалар қазақ жастарының намысты, өр мінездерінің көрінісі 1986 жылдың Желтоқсан кезіндегі көтерілістер, шынымен де сол кездегі демократиялыққа деген сенімнің болғандығының дәлелі. Бұл ретте қазақ жастары алпауыт режиммен күрестің бастамашылары ретінде тарихта қалады. Қыршындай кеткен жас боздақтардың ерліктері ұмытылмауы керек. Студенттеріміз рухы мықты, өз елімізге ие бола алатындай білімді әрі жан жақты болулары керек екендіктерін білулері қажет. Айтулы күннің мәні мен маңыздылығы жайында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы Садвакасова Жанар Аманғалиқызы лекция өткізіп, оған студентіміз Сағдат Нұсқауды шақырды. Жас ақын желтоқсан оқиғасы жайлы керемет туындысымен бөлісті. Лекцияға «Зерде» және «Алтын бесік» клубтарының мүшелері де қатысып, өз ойларын ортаға салды.