2026 жылдың 12 наурызда 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс бағыты»: 8D07102 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңесте Гульнур Болатханкызы Тлеужанованың «Сандық бағдарламалық басқаруы бар токарлық станок құралдарының жанасуын, сынуын және тозуын бақылаудың автоматты жүйесін әзірлеу» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өтті.
Ғылыми кеңесшілер:
- Михаил Васильевич Дудкин – т.ғ.д., профессор, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
- Жаннат Нұрғалиұлы Қадыров – т.ғ.д., профессор, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Marek Jan Mlynczak – хаб. т.ғ.д., Вроцлав ғылым және технология университеті профессоры (Вроцлав қ., Польша).