Достар, әріптестер! Еліміз үшін ең маңызды дауыс беру науқаны аяқталды! Алдымызда жылдың қорытынды мерекесі, балалар үшін сый-сыяпатқа, ғажайыпқа толы, ал біз үшін достық пен ұмытылмас сәттерге толы мейрам - Жаңа жыл келе жатыр!

Бірер апта бұрын айтулы мерекені атап өтуге байланысты ұжымдық дауыс беруді бастаған едік. Ресми сайтымызда мерекелік шараның өтетін күні, ас мәзірі, өтетін орнына таңдау жасауға мүмкіндік берілді. Дауыс беріп үлгермегендер болса да, көптің пікірі айқындала түсті.

Ендеше, мерекелік іс-шараны 28 желтоқсан күні атап өтуге респонденттердің 50,4 пайызы дауыс берді.

Ресторанды таңдауда, ұжымның басым бөлігі Grand Saray мейрамханасына 53 пайыздық дауыс жинады.

Ұжымның тең жартысы Люкстік ас мәзірін дұрыс деп тапты.

Сауалнама қорытындысы көптің көңілінен шықты деп сенеміз!