Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Алматы қаласындағы НИЯУ МИФИ филиалында «Росатом» математикалық модельдеу бойынша «ХакАтом: отREPEATируй навыки моделирования» атты ауқымды турнир өтті.
«ХакАтомға» Қазақстан Республикасының жеті жетекші техникалық жоғары оқу орындарынан 13 команда қатысты - Astana IT University, НИЯУ МИФИ Алматы филиалы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Satbayev University, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті(ШҚТУ).
Жарыстың тақырыбы Росатомның өнеркәсіптік цифрлық шешімдер саласындағы көшбасшылық бағыты ретінде математикалық модельдеу болды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша қазылар алқасы қорытынды шығарды:
- 1 орын - «МЕФИСТОФЕЛЬ» командасы, НИЯУ МИФИ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ
- 2 орын - «Кинетические аналитики» командасы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
- 3 орын - «Мифишники» командасы НИЯУ МИФИ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен "ДЖЭТ ЛАБ" ЖШҚ бірлесіп өткізген математикалық модельдеу бойынша өкілдік турнирде 2 орын алған командамызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Жүлдегерлер:
- ИЗМАЙЛОВ ЛЕОНИД, 6В05301 Техникалық физика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- БИДАХМЕТОВ ДИАС, 6В06103 математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- СМИРНОВ АНТОН, 6В06103 математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- БЕЙСЕКЕНОВ АНСАР, 6В06103 математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.
Халықаралық Инженерия мектебінің аға оқытушысы, команда жетекшісі ТҰРАРОВ АМАНКЕЛДІГЕ ерекше алғыс.