Ақылы негізде оқитын студенттер білім беру грантын білім беру бағдарламаларының сәйкес тобының бос орнына ШҚТУ белгілеген тәртіппен конкурстық негізде ауыстыруға құқылы.

2023 жылдың 28-шы желтоқсаннан 2024 жылдың 12-ші қаңтарға дейін студенттерге қызмет көрсету орталығында жеке кабинет арқылы оқу процессі барысында босатылған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және жергілікті бюджет қаражаты есебінің (ЖАО гранты) бакалавриат, магистратура және докторантураның бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштер онлайн-қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар шарт негізінде келесі құжаттарды тіркеуі қажет:

  • конкурсқа қатысу туралы Басқарма төрағасы - ректордың атына өтініш (өтініш нысаны өтінім берген кезде қол жетімді болады);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • студенттердің құжаттарына транскриптер студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынады.

 

Толығырақ:
  ЖАО гранттары туралы
  ҚР ҒжЖБМ гранттары туралы