2022 жылғы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің 11 сыныптары үшін онлайн режимде «ЖАС ТАЛАП» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Оқушылардың ғылыми жобаларын қарау үшін келесі құрамда Конкурстық комиссия құрылды: Денисова Н.Ф.- Комиссия төрағасы, Басқарма мүшесі-ҒЗжЦ жөніндегі проректор; Асангалиев Е.А.- Комиссия мүшесі, а/ш ғ. к., Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры; Увалиева И.М.- Комиссия мүшесі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор; Лутай С.С.- Комиссия мүшесі, Жер туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы; Токтарбаева Г.М.- Комиссия мүшесі, келісімшарттық зерттеулер кеңсесінің бас маманы.

Ғылыми жобаларды қорғауда қатысушылар өз жұмыстарын презентация түрінде ұсынды және түсіндірме мәтінмен сүйемелдеді, презентация уақыты 10 минуттан аспады, демонстрациядан кейін балалар комиссияның сұрақтарына жауап берді.

Конкурс қорытындысы бойынша:

  • 1 орынды - «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ 11 сынып оқушысы Амангельдыев Асанали Канатович алды (Жетекшісі: Елюбаева Н.Г., ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" КММ физика және информатика мұғалімі);
  • 2 орынды - «Оралхан Бөкей атындағы № 44 Лицей» КММ 11 сынып оқушысы Қазкенова Аружан Қайратқызы алды (Жетекшісі: Бекжанатова Н.Б. биология мұғалімі),
  • 3 орынды - «Оралхан Бөкей атындағы № 44 Лицей» КММ 11 сынып оқушысы Пожидаев Иван Игоревич алды (Жетекшісі: Елюбаева Н.Г., ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" КММ физика және информатика мұғалімі);
  • Оразова Айсұлу Ержанқызы «Оралхан Бөкей атындағы № 44 Лицей» КММ 11 сынып оқушысы қатысқаны үшін дипломмен марапатталды (Жетекшісі: Құдайбергенова Н.С. география мұғалімі).

Оқушылар мен жетекшілерды жеңісімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, табыс тілейміз!