«Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 070010, Өскемен қаласы, А.К. Протозанов көшесі, 69 мекен жайында орналасқан «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына байқау жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету болып табылады.

Қызметтің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 5 жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

  1. жиырма бес жасқа толмағандар;
  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағандар;
  3. өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
  4. арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

  1. бекітілген үлгідегі өтініш;
  2. Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретіменқоса қызмет тізімі;
  4. жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
  5. білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
  6. жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
  7. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
  8. мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;
  9. мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;
  10. қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 643), телефон: 8 (7172) 74-27-25, 74-24-26 электронды пошта m.tursumbaeva@edu.gov.kz.