4 наурыз күні «Туған елімнің құндылықтары: ардақ тұтар алыптары» айдарымен өткен тілдер апталығы аясында қазақ, орыс тілдері және шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Үш тілдің білгірі» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру. Сайыс «Қазақ тілі», «Русский язык», «English language» аялдамалары түрінде ұйымдастырылып өткізілді.
Жарысқа тыңғылықты дайындалған командалар өздерінің киім үлгісін, эмблемасын, команда атауларын жақсы ойластырған. Сайыс барысында студенттер синонимдер, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, фразеологиялық тіркестерге байланысты тапсырмаларды орындап, сөз құрап олардың мағынасын түсіндіріп, сөздік қорларын кеңейтті. Сонымен қатар логика, эрудиция, шығармашылық ойлауға қатысты тапсырмалар да орындады. Қатысушылар әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді, мәдениет саласын жақсы меңгергендіктерін байқатты.
Бұл іс-шара ойын технологиясы мен жарыс әдісін қолдану арқылы топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылғандықтан, барлық қатысушылардың белсенділік танытуына, қолайлы психологиялық ахуал мен іс-шараға қызығушылықтарының артуына мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі орындар тағайындалды:
- I орын «Сұңқар» командасы: Маянова Сауле, Борозенец Давид, Төлеубаев Алишер (21-МК-1); Ларионова Ксения (21-ГР-1).
- II орын «Сызғыштар» командасы: Мухамадиева Дана, Ермекова Асыл, Амин Толхын, Асембекова Еркеназ (21-АРК-1);
- II орын «Аманат» командасы: Армиянова Сая, Бидахметов Диас, баяхмет Кәусар, Маженова Алуа ( 21-МК-1)
- III орын «Болашақ» командасы: Төлеуханова Ақбота, Турабеков Ернар (21-ТФК-1), Нукежаева Алина, Байгалиев Асет (21-МИК-1);
- III орын «Жалын» командасы: Амантаев Дамир, Калижаров Алмас (21-МИ-1); Нұрмұхамет Айсұлу, Төлеуханова Әсем (21-ЭН-1);
- III орын «Қырандар» командасы: Кайсенова Дильназ, Тұрғали Іңкәр (21-ЛДК-1), Қанатова Аружан (21-АУК-1).