Құрметті әріптестер!
Біз кәсіби өсуге, қызметкерлердің белсенділігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған дәстүрлі «ВКТУ-дың үздік қызметкері» байқауының қайта басталғанын қуана хабарлаймыз!
Мерекелік күндерді ескере отырып, байқауға үміткерлерді ұсыну мерзімі 6 мамырға дейін (қоса алғанда) белгіленді. Байқауға қатысуға арналған ұсыныстар Қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөліміне, нақтырақ айтқанда, байқау комиссиясының хатшысы – қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөлімінің жоғары санатты маманы Жампеисова А.А.-ға тапсырылуы тиіс.