2022 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де Өскемен қаласында «Sarap» эксперттік клубының «Конституциялық референдум: эксперттік пікір» тақырыбында аймақтық отырысы өтеді.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.

5 мамырда Қазақстан Президенті республикалық мемлекеттік арналардың эфирінде референдум өтетіні туралы жариялады.

«Бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырысқа қатысушылар ел дамуында Конституцияның рөлі мен Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылайды.

Алдағы референдумның өткізілуі - отырыстың басты тақырыбы болмақ. Атап айтқанда, спикерлер дауыс беру белсенділігі елдің одан әрі даму бағытына қалай әсер ететіні туралы өз пікірлерімен бөліседі.

Отырыс қатысушылары:

  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров,
  • Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит,
  • саясаттанушы Әділ Сайлаубек,
  • ҚҚДИ өкілдері және Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері.

Модератор: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов.

Күні: 13 мамыр 2022 ж.

Уақыты: 11:00

Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев 19 көшесі, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Бас ғимараты, колонна залы.

БАҚ өкілдері сараптамалық талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады.

Журналистерді аккредиттеу сұрақтары бойынша 8-771-123-30-30 нөміріне хабарласуға болады.