Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ШҚО салалық энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен «ШҚО энергетикасын дамыту тұжырымдамасы» атты дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға т.ғ.д., Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры Әлияров Бірлесбек Қаниұлы, ШҚО энергетика және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің студенттері, магистранттары, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелде ШҚО энергетикасын дамытудың негізгі тұжырымдамаларын талқылауға, саладағы өзекті мәселелерді анықтауға, сондай-ақ студенттерді "Жылу энергетикасы", "Электр энергетикасы" және "Жаңартылатын энергетика" сияқты мамандандырылған білім беру бағдарламаларында оқытудың маңызды мәселесіне баса назар аударылды.

Бұл іс-шара Шығыс Қазақстанның энергетика саласын дамыту бағытындағы маңызды қадам болды және секторды дамыту стратегиясын қалыптастыруға, сондай-ақ өңірді тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.