25 сәуірде «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да жұмыс берушілермен «Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы» ПОҚ дөңгелек үстелі өтті.
Шақырылғандар ретінде келесі ұйымдардың өкілдері болды:
- Мадиев Ернар Сламбекович - Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «ҚР ІІМ ШҚ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ басшысының орынбасары;
- Жанболатова Дилара Жанболатқызы - ҚР СШК СРжИМ «Қазсушар» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының пайдалану бөлімінің бастығы;
- Асқарова Іңкәр Асқарқызы - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының гидрология бөлімінің бастығы;
- Гордеев Александр Михайлович - Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Су Арнасы» ШЖҚ МКК тазалау ғимараттары цехының бастығы.
Жұмыс берушілермен кездесуде «Су ресурстары және суды пайдалану» бакалавриаттың ББ және «Сумен жабдықтау және канализация» магистратураның ББ дамыту перспективалары мен мазмұны, сондай-ақ ЖОО мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл формасы талқыланды.
Диалог барысында жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын берді.
Сондай-ақ бұл кездесуге Мансап орталығының директоры С.А. Трофименко және «Су ресурстары және суды пайдалану» ББ 1 курс студенті Аружан Далабаева қатысты.