Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Семей қаласының медицина университеті делегациясы келді. «Семей медицина университеті» КЕАҚ кітапханасының жетекшісі Гүлжан Саятқызы Кәдірсізова және аға маман Роза Саветканқызы Өсербаева ғылыми кітапхана және ШҚТУ-дың бірегей мұражайы «Алтын Алтайдың» жұмысымен танысты.

Қонақтар үшін экскурсияны кітапхана басшысы Н.Е. Тілеубекова және музей қызметкері А.К. Хасенова ұйымдастырды. Кездесу барысында екі ЖОО кітапханаларының басшылары кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.